» » СЫР ЕЛІ − ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНІҢ МҰРАГЕРІ

СЫР ЕЛІ − ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНІҢ МҰРАГЕРІ

   А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Сыр өңірінің түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі алар орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған отандық, шетелдік түркітанушы ғалымдар қатысып, «Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы» атты еңбектің тұсауы кесілді.
Түркі әлеміндегі Сыр өңіріне қатысты соңғы зерттеулер таныстырылған конференцияны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырған. Шараны ашу барысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Сыр елі түбі бір түркі мәдениетінің мұрагері екенін тілге тиек етті.
− Өңіріміз үшін ең үлкен жаңалық былтыр Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі болды. Бұл жұмыстарды  4 жыл бойы Түркия, Әзірбайжан еліндегі әріптестерімізбен бірге жүзеге асырдық. Қазіргі таңда Сығанақ, Жанкент, Бәбіш молда, Сұлутөбе, Қышқала қалашықтарында археологиялық зерттеулер жүргізілуде. Биыл «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалін түркі халықтарының мәдени күндері аясында өткізетін боламыз, − деді ол.
«Ұлы даланың жеті қыры – ортағасырлық өркениет белгілері» атты тақырыпта баяндама жасаған Халықаралық Түркі академиясының ғылым бөлімінің аға сарапшысы Нәпіл Базылхан Елбасы мақаласының күллі түркі әлемі үшін маңызды екенін атап өтті. ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының мүшесі, Түркиядағы төрағасы Өжал Оғуз «Құтадғу білік» дастанының және Қорқыт ата мұраларының құндылығы жайлы сөз қозғаса, Ресей Ғылым Академиясы Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Аржанцева 1940-1950 жылдардағы Сырдария өзенінің төменгі жағындағы Хорезм экспедициясының зерттеулеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қоса шарада түркітанушы ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі әлемінің генезисі» жобасы аясында ғылыми ізденістерін таныстырды.
Гүлдана ЖҰМАДИН
07 наурыз 2019 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930