» » Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қалай есептелетіні белгілі болды

Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қалай есептелетіні белгілі болды

   Көпбалалы аналарға бірінші сәуірден бастап жәрдемақы қалай есептелінетінін түсіндіретін видео премьер-министрдің Telegram-арнасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео кадрларында атаулы әлеуметтік көмек - бұл жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен азаматтарға берілетіні баса айтылады.
Мысал ретінде төрт баланы 50 мың теңгеге асырап отырған ананы келтірген. Егер табысты бес адамға бөлсе, әр жанға 10 мың теңгеден айналады.
Қазіргі таңда АӘК өлшемшарты 14 849 теңгеге тең, одан отбасының жан басына шаққандағы табысы алынып тасталады. Сонда айырмашылық 4849 теңгені құрайды. Бұл жан басына шаққандағы көмек мөлшері. Бұл сома беске көбейтіледі, сонда АӘК-тің жалпы сомасы 24 245 теңге болады.
Бірақ бірінші сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмек өлшемшартының мөлшері көбейіп, 20 789 теңгені құрайтын болады.
Дәл сол мысалды келтірейік, төрт баласы бар ана, табысы 50 мың теңге. Жан басына шаққандағы кіріс 10 мың теңге.
Сонда 1-ші сәуірден бастап, төрт баланы асырап отырған ана 93 945 теңге алатын болады. Осылайша атаулы әлеуметтік көмек 3,9 есеге көбейеді. Атаулы әлеуметтік көмекті қосқанда жалпы табысы 143 945 теңгені құрайтын болады.
08 наурыз 2019 ж. 1 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031