«Ардагерлерді ардақтайық» ерікті жастар акциясы өтті
8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында «Ардагерлерді ардақтайық» ерікті жастар акциясы ұйымдастырылды.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, жастар ұйымдарының белсенділері, «Еріктілермен жұмыс жасау» орталығының еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Сергеевнаның үйіне барып, халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, хал- жағдайын біліп, сұхбаттасты.
Акция облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Сана" зияткер жастар мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
Любовь әжейдің үйінде басқарма басшысы, ерікті жастар ардагер әжемізбен сұхбаттасып, өмір тарихындағы естеліктерін, әңгімесін тыңдады. Акция ардагерімізге сыйлық табыстау рәсімімен, естелік суретке түсумен аяқталды.