АҚЫСЫЗ НЕГІЗДЕГІ IT-ECHELON

"Бұл жобаның басым бағыты ретінде "frontend" (қосымша - сервистің бағдарламалық-аппараттық бөлігіндегі тұтынушы интерфейсінің клиенттік жағы) пайдаланушы интерфейсін құру болып таңдалды. Мамандардың бұл санаты - жұмысқа орналасу мәселесінде сұранысқа ие. Курстың бағдарламасы Қазақстанның IT-жұмыс берушілері ұсынатын нақты жобалармен жұмыс істеуге толық дайын болатындай етіп жасалған",-деді Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова.
Сондай-ақ, жоба шеңберінде технологиялық кәсіпкерлікке, стартаптарды ұйымдастыруға және бизнес-құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Кездесулерге Mail.ru, Tinkoff, BugartGames, Яндекс Chocofamily, Doctor.kz, Kazdream.kz, Kompra, Com, CTgram сияқты танымал компаниялардың өкілдері қатысады. Осы жобаны іске асыру барысында әрбір сарапшы, баяндамашы, инвестор мен бизнес иесі ментор рөліндегі тыңдаушыны анықтайды, сондай-ақ, ұйымда практикадан өткізу және одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігін өзіне қалдырады.
Аталмыш жоба бойынша жұмыс 6 айды қамтиды. Оның ішінде 72 сағат онлайн оқыту, сауалнама жүргізу және қатысушыларды іріктеу, 6 семинар, 8 воркшоп, 4 кездесу мен 2 бизнес-модель ойындары өткізіледі. Жобаға 14-35 жас аралығындағы 200 қатысушы қатысады, оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.