Төстарқышпен видеоға түскен Кәмшат Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді (видео)

Жолдыбаева өзінің Instagram парақшасына видео жүктеймін деп ел ашуын тудырып алды. Бейнежазбада төстартқышпен тұрған сылқымның әрекеті ғаламтор жұртшлығына жақпай қалса керек.
Оқырмандар біраз уақыттан бері ашық образдарын паш етуді қойған әншінің қайта бұрынғы әдетіне басқанына шүйлігіп шықты.
Оған қоса, Кәмшат видеосының астына "Сағындың ба? Мен де" деген жазба қалдырған.
"Тап осындай түріңізді сағынбаймын" , "Ашық-шашық образды емес, әндеріңді сағынамыз" , "іш киімді бірінші рет киіп тұрғандай" , "ұялса қайтеді, қаншама оқушы қыз балалар қарайды сізді" , "басталды, екінші Байзакова дейміз бе?" , "төстартқышпен шығу тренд болып кеткен бе?" , - деп жазуда желідегілер.