Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін

26 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шквал, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Қызылорда қаласында 26 наурыз күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі, шквал күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100 %.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.