АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛДІҢ АЯҒЫНА ОҚ АТТЫ
Атырау қаласының халықаралық әуежайында полиция қызметкері жолаушы әйелдің аяғынан байқаусызда атып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда жеке тексеру бөлмесінде полицияның желілік бөлімінің патрульдік-бекет қызметінің қызметкері абайсызда қарумен оқ атып алған.Оқиға сағат 17:40 кезінде полицей бір банктің инкассация қызметінің қызметтік қаруларын тексеру барысында орын алған. Оқиға салдарынан қала тұрғынының аяғына оқ тиіп, жарақаттанды. Жолаушы әйел бірден медициналық мекемеге жеткізілді", - деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті өз хабарламасында.
Айта кетейік, аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.