Жаңбыр мен ылғалды қар: Сәуір мен мамырда ауа райы қандай болады?

2019 жылдың сәуір айында ауа райы тұрақсыз болады. Ай ортасында батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында күн күркіреп, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Ал солтүстікте жаңбырдың соңы ылғалды қарға ұласып, таңертең және кешке тұман мен көктайғақ болу қаупі бар.
Солтүстікте ауа температурасы: Түнде 0-5 градус аяздан 2-7 градусқа дейін, ал күндіз 8, 13, 12, 20 градусқа дейін жоғары болады.
Оңтүстікте: Түнде 5, 13 градустан 10,15 градусқа дейін , күндіз 12, 20 ,23 градустан 18, 26 градусқа дейін жоғары болады.
Елде айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы әлдеқайда төмендейді.
Ал мамыр айында ауа райы нормадан бір градус жоғары болады.