Ақ орамал тартып алған Бүркіттің қарындасы елді қызықтырып қойды (фото)
Әсел Асқар желіге басына ақ орамал тартып, бейтаныс ер адаммен түскен суретін жариялады. Бүркіттің қарындасын қызу талқыға салған көпшілік танымал арудың жақында қалыңдық атанатынын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Елдің пікірталасына Әсел Асқардың Instagram желісіне жариялаған суреті себепші болды. Онда актриса белгісіз ер адамның қасында ақ орамалмен тұр.
Желі қолданушылары поэзиямен елге танылған аруды таяуда қалыңдық атанды деп болжаған.
Ал Әсел Асқар фотоның астына екі ойлы жазба қалдырып, одан бетер отқа май құйғандай болды.
Алайда желідегілер жақында ғана басқа жігітпен бақытты екенін дүйім жұртқа паш еткен бойжеткеннің енді басқа азаматпен түскен суретін көріп, таңданыстарын жасыра алмауда.
"Жақында ғана жас жігітпен сурет салып едіңіз. Енді мына жігіт. Меніңше, әрбір сүйіктіңіздің суретін жүктеудің қажеті жоқ. Тойдан кейін салсаңыз да болады ғой" , "Ана жігіт не болды? Сондай керемет жазба салып едіңіз ол туралы" , "Тәп-тәуір өлеңдер оқисың, алайда ақымақтың ісін істейсің" "Жақында той ма? Әлде болып қойды ма?" , деп жазуда көпшілік.