» » Қарызға белшесінен батқан танымал әншілер несиеден құтыла алмай жүр

Қарызға белшесінен батқан танымал әншілер несиеден құтыла алмай жүр

  "Азия" мен "Бақайдың" орындауындағы "Опмай-Опмай" әні көпшіліктің көңілінен шығып, бірден хит атанды. Алайда қаралымнан түскен қаржы әншілердің жағдайын жақсартпаған. Қарызға белшесінен батқан танымал әншілер өздері құтыла алмай жүрген кредитке арнап бейнебаян шығаратындарын сөз етті деп хабарлайды Ревью бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бәріміздің басымызда кредит бар. Ең көбі менде. Қазіргі таңда кредит болмаса, баспана ала алмайсың. Кредитті төлейтін кезде қиналып қаламыз енді. Сол үшін де осы ән шыққан шығар. Іштен шыққан дүние", - дейді "Азия" тобының әншісі Ринат Баситов.
Жігіттердің айтуынша, олар қоғамдағы түйіткілді мәселені көтеріп, маңызды дүниені әнге қосқан.
"Бұл жолы қоғамда болып жатқан қасіретті өлең арқылы жеткізуге тырыстық. Қазіргі таңда барлығының басында кредит бар. Енді "Опмай"-дан кейін барлығы "Азия"мен "Бақайдан" тағы бір дуэт күтуде. Көпшіліктің сұрауы бойынша тағы бір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Өлеңнің аты "Атың өшкір кредит"", - дейді әАзия" тобының мүшесі Ербол Шарипов.
Жігіттердің сөзінше, бейнебаян қарызға белшесінен батқандардың ауыр күйін суреттейді екен.
23 сәуір 2019 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031