Елден оңбай сөз естіген Айдар Тұрғанбек 45 қызды ұзатып үлгерген (видео)

Бұл жайында "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали ӘбдірайымовInstagram парақшасында айтып берді.
"Осымен Айдар Тұрғанбек ұлдарыңыз 45-ші қарындасымызды "Қарындасқа тілек" әнімен, құтты орнына шығарып салды. Салт-дәстүрді өрескел бұзған дүние көрмей тұрмын. Сіздер қалай ойлайсыздар?", - деп жазды продюсер.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше ай бұрын Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқан видеосы желіге тарап кетіп, қызу талқыға түскен болатын.
Алайда арнайы ән жаздырып, қыз ұзатуды табыс көзіне айналдырған "Жігіттер" тобының әншісіне өнердегі әріптесі Өмірқұл Айниязов пікір білдіріп, ақша үшін жаңа дәстүр шығаруға болмайтынын жеткізді.