» » Жеңіс пен жеңіліс

Жеңіс пен жеңіліс

  Жыл сайын 9 мамыр күні қайталанатын бір көрініс бар: ол – дәл осы мерекеде тек қана орыс әндерін шырқау. Орыс тілінің үстемдігін де дәл осы мерекедегідей сезіне қою екіталай шығар.
Рас, ерлік-елдік дегенде, ата-бабаларымыздың ержүректігін, қаһармандығын айтқанда алдымызға жан салмаймыз. Бірақ мақал-мәтел мен сөз, дайын мәтін іздегендегідей, әнге келгенде иегіміздің астындағыны көрмейтін бір жаман дағды бар. Жеңіс, соғыс туралы қазақща ән жоқ деп аузымызды қу шөппен сүртеміз. Мектептегі ән сабақтарында жаттаған жеңіс, бейбітшілік, патриоттық әндер бар емес пе?! Олар қайда қалды? Балабақшадан бастап, мектеп, колледж, университет, одан қала берді ауыл, аудан, қала, облыс деңгейіндегі барлық іс-шараларда дерлік орыс әндері шырқалады. Кешегі совет заманына деген неғылған бітпейтін сағыныш бұл деп күйінесің-ау, алайда мейрамның сценарийін дайындаған жас қыздар мен жігіттердің ешқандай саяси астарсыз бейсаналық түрде осылайша құлдық психологияға бас ұрып жатқанын ойлағанда кешегі жетпіс жыл үстемдік еткен советтік идеологияны жиырма бес жылдың о жақ бұ жағында тойтара алмаған ащы щындық, күйініш пен өкініш өзегіңді өртейді екен. Егер осы соғыстың қазаққа қатысы болса, бір қазақша ән айтылу керек шығар, егер осы Жеңіс деген мерекенің қазаққа қатысы болса, бір қазақша жеңіс туралы ән жазылған шығар деп ойлайтын жан адамның табылмағаны ғой сонда?!
Қазақ басылымдары бірінен соң бірі бұл біздің жеңіс емес деп жаза бастаған жылдары, марқұм Қасым Қайсенұлы ол кезде тірі еді, іле шала сол кісінің журналистерге тойтарыс берген көлемді мақаласы республикалық басылымдардың бірінде жарияланған еді. Басқасы басқа, осы партизан-жазушы атамыздың жүрегін ауырттық-ау деген ой келген сонда. Енді Қасым ата да жоқ. Соғыс ардагерлері де санаулы қалды. Мойындайтын сұрапыл шындық сол, бұл біздің жеңіс емес, бұл – екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісі. Бұл қазақтың жеңісі емес, бұл қолына қылыш ұстатып (рас, соғыс шындығы туралы сондай деректер бар), жауып тұрған оққа қарсы тосқан – жиырма миллион қазақты жоқтау – орыс әндерімен жоқтау күні, қасірет күні. Көзімнің анық жеткені осы болды.
                                                                                              Ж.САҒИДА
14 мамыр 2019 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930