» » Дильназ Ахмадиеваға теріс пікір жазған азамат жауапқа тартылды

Дильназ Ахмадиеваға теріс пікір жазған азамат жауапқа тартылды

  Дильназ Ахмадиеваның парақшасында теріс пікір жазған азамат ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайында Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы полицейлері Дильназ Ахмадиеваның Instagram парақшасында теріс пікір жазған 1990 жылы туған Н. есімді азаматқа қатысты шара қолданған.
Іс барысында ер адамның бұрын да ұрлыққа қатысты істі болғаны анықталды.
"Өткен жылдың күзінде Ахмадиеваның парақшасында ер адам пікір қалдырған. Оның жазған пікірі ұлтаралық және дінаралық араздықты тудырғаны үшін сотқа жіберілді", - делінген тергеу полициясы басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, әнші өзінің көңілін қалдырған ер адамның үстінен арыз жазған соң, 174 бап бойынша іс қозғалған.
"Жедел іздестіру барысында бейбітшілік пен қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтың жеке тұлғасы анықталды.Сот-сараптама нәтижесінде іске тартылған ер адамның жазбасынан ұйғыр халқының ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлайтын сөздер көрінді. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұрауда", - делінді ведомства мәлімдемесінде.

18 мамыр 2019 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031