» » "Пайдаланып кетті": Әйгілі "Шімән апа" тойда өзін ұятқа қалдырған жігіт туралы айтты

"Пайдаланып кетті": Әйгілі "Шімән апа" тойда өзін ұятқа қалдырған жігіт туралы айтты

  "Шімән апа" рөлімен танылған әнші Ерболат Төлегенов желіде өзіне қатысты тараған видеоға пікір білдірді. Әншінің айтуынша, аталған бейнежазбада «Шімән апаның» рөлін басқа адам ойнаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізде болса, тойда өнер көрсеткен "Шімән апаны" өзімен қатарлас қарт атайдың құшақтай жөнелгені бейнеленген видео желіде тараған болатын.
Көпшілік аталған бейнежазбаны сынға алып, әншіге жағымсыз пікірлер қалдырды.
Алайда, Төлегеновтің айтары бар. Әнші өзінің рөлін басқа біреудің ойнағанын алға тартты.
"Шімән апа өзім ойлап тауып, өзім кейпіне еніп жүрген кейіпкерім. Тіпті, бұл рөлді патенттеп алғаным да рас. Бірақ тап сол тойда өнер көрсеткен мен емеспін. Оқырмандар ұмытпаған шығар, бір кездері Мақпал Жүнісованың образына еніп, тойда ақша табатын жас жігіт шыққан. Есімі – Марлен. Міне, менің образымды да тойда пайдаланып жүрген сол жігіт. Талай рет оған ескерту жасап, алдынан өттім. Тілімді алмады. Осы жолы, тіпті, ұятқа қалдырып отыр. Ол жас жігіт, Мейрамбек Беспаевтың сыныптасының ұлы", - дейді Ерболат Төлегенов.
Әнші "Шімән апа" рөлін талай рет ойнап жүргендіктен, шындықтан қашпайтынын жеткізді.
19 мамыр 2019 ж. 2 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031