Мейірімді жүрек

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын,ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,кең пейілділік, жанашырлық,ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат –шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. .
«Мейірімділік,махаббат,қайырымдылық,адалдық секілді жүректен шығады».Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік,ізгілік пен ізеттілік имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан.