Жастар жылы – жаңа леп, жаңа толқын
2019 жылы 6 мамыр күні Қызылорда қаласы, Облыстық жастар ресурстық орталығының базасында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «Жастар жылы – жаңа леп, жаңа толқын» мәдени көпшілік шарасы өткізілді.
Жастардың әртүрлі қызығушылығына сәйкес шаралар әр типті ұйымдастырылы.
«Кітап құрттары» жергілікті және әлем әдебиетін жан жақтан жиналған жастар талқылап өздері оқыған кітап мазмұнымен алмаса отырып бір біріне кітап оқуға кеңестер ұсынды.
«60 секунд» интеллектуалды ойыны 40-қа жуық мектептен жиналған жоғарғы сынып оқушылары арасында білім IQ мүмкіндіктерін анықтау бағытында сайыс ұйымдастырылып үздік шыққан мектеп оқушылары мараппаталды.
«Пікір талас» жастардың арасында шешендік өнерді дамыту, мәдени дұрыс сөйлеу, көпшілік алдында дұрыс ойы айта алу сынды қабілетті шыңдайтын бұл сала аясында қызығушылық танытқан жастар үшін көрсетілім ойын ұйымдастырылды.
«Спорт-денсаулық кепілі» спортпен айналысатын жастар арасында «Баскетбол» ойын түрінен сайыс ұйымдастырылды. Кәсіпқой спортпен шұғылданатын спортшылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп ойын өрнегін көрсетті.
«Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы. Келген жастар үшін республикалық деңгейде құрылған аталған клуб жұмысымен таныстырып әскери құрал жабдықтар көрсетілім ұйымдастырылы.
«Кеңес беру» жастардың мемлекеттік бағдарламаларға байланысты және өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап беру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Құрылыс жинақ» банкі, мемлекеттік басқарушы орган өкілдерінің қатысуымен жастардың сұрақтарына жауап берілді.
Шара аясында мәдени көпшілік шаралармен қатар Шахарамыдың сол жақ жағалауынан бой көтерген жаңа облыстық жастар орталығының ғимаратымен таныстыру жұмысы ұйымдастырылды.