» » Дженни Климан: Журналистке көп ақша табу маңызды емес

Дженни Климан: Журналистке көп ақша табу маңызды емес

     ХVI Еуразия медиа форумы аясында фриланс журналист Дженни Климан шеберлік дәрісі барысында тәуелсіз журналист ақша табу барысында пайдаға кенелмейтінін алға тартады.
      "Әрқашан сізге қанша төлейтінін және қаншалықты жылдам төлейтінін білу маңызды. Әрине тәуелсіз журналист көп ақша таппауы мүмкін. Бай болмауы да мүмкін. Ең бастысы, көп ақша табу емес, ең бастысы бай тәжірибе. Тәуелсіз журналист ретінде өзіңізді таныту үшін әлеуметтік платформаларды тиімді пайдалану керек. Бұған қоса сіздің бір газетке берген материалыңызды келесі газет көшіріп басқан жағдайда оған да төлену керек екенін білу тиіс. Фрилансер журналистің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сақтандырылуы өте маңызды. Ешқандай репортаж сіздің амандығыңыздың, қауіпсіздігіңіздің қасында түкке тұрмайды" – дейді Дженни Климан. Сонымен қатар фрилансер журналист ретінде өзіңізді қорғайтын, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін журналистік ұйымдармен бірігіп жұмыс істеудің маңыздылығын да түсіну керек. Цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалану да өте маңызды.

     Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Алматы қаласында  ХVI Еуразия медиа форумы басталды. Әлемнің әр түкпірінен келген журналистер 24 мамырға дейін түрлі тақырыптар бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.
А.Абдуллаева 
22 мамыр 2019 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930