ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ КЕЛМЕСЕ
Адам өмірі өте қысқа, сол себепті қартаймаудың амалын жасап, ұзақ өмір сүргісі келетіндердің қарасы қалың. Бірі жас көріну үшін пластикалық отаға жүгінсе, келесі бірі түрлі әсер беретін препараттарды қолданады. Дегенмен бұл тәсілдің барлығы сыртқы қалпыңызды ғана керемет сақтайды, ал ішкі организмдегі жасушалар өзгермейді. Қартаймаудың қарапайым және қолайлы түрі − салауатты өмір салтын ұстану. Ол үшін таңертең ерте тұрып, біраз бой сергітіп серуендеген дұрыс. Таңғы ауа сізге ерекше қуат сыйлайды. Миннесота университетінің ғалымдары адам өмірі өткен сайын оның иммундық жүйесі әлсіреп, клеткалары қартая бастайтынын айтады. Бұл процесті тежеу үшін көкөніс пен жемісті көп жеген дұрыс, себебі оның құрамында кездесетін физетин клеткалық бөлшектің қартаюын кез-келген уақытта тежейді. Флавоноид физетиннің ең көп мөлшері құлпынайда кездеседі. Сонымен қатар құрма, алма, киви, қияр мен қызанақтың құрамында да аталған дәруменнің жеткілікті көзі бар.
Дамир РАШИДҰЛЫ