» » Қазақстан мен Ресей зымырандар ұшатын жаңа алаң туралы келісімге келді

Қазақстан мен Ресей зымырандар ұшатын жаңа алаң туралы келісімге келді

   Қазақстан Үкіметі «Союз-2» тасымалдаушы зымырандары ұшатын жаңа алаң туралы Ресей тарапымен жасалған келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісім «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз-2» зымырандарының бөлшектері құлайтын Қостанай облысының аумағындағы жерді Ресейдің пайдалануын реттейді. Құжатты әзірлеу барысында ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Жұртшылықтың пікірі тыңдалған, қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша құжаттама әзірленіп, ҚР Мемлекеттік экология сараптамасының қорытындысы алынған. 
«Келісім «Байқоңыр» ғарыш айлағынан коммерциялық мақсаттағы зымырандарды көбірек ұшыру мүмкіндігін береді, бұл «Байқоңыр» кешеніне оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар аталған жер учаскесінің пайдаланылуы жылына үш зымыран үшін 460 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақы төлеу қарастырылған. Ол қаражат Қостанай облысының Жангелдин ауданының бюджетіне жіберіледі», - дейді ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.
Ведомствоның мәлімдеуінше, «Союз-2» тасымалдаушы зымыраны экологияға қауіпсіз жанармаймен ұшады. Келісімнің шарттары бойынша, экологиялық жағдайды тексеруге қазақстандық сарапшылар мен ұйымдар қатысады.
30 мамыр 2019 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930