» » Ауылды су басты

Ауылды су басты

  Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты. Оқиға орнында 100-ден аса маман мен 20-дан аса техника жұмыс істеуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«3 маусым күні сағат 21:00-де Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Пенжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді. Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істейде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні облыстық ТЖД БАҚ және смс хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында маусымның 2-сі, 3-ші күндері нөсерлі жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда судың бүйірлі ағыны мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған 
04 маусым 2019 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031