Ішінде баласы бар бесікті "ат қылып" мінген әйел желіде қызу талқыға түсті (видео)
Желі белсендісінің айтуынша, кішкентай нәрестеге көз тимеу мақсатында осындай ырым жасалған.
"Үшінші видеоны да көріңіздер. Ертеде қазақтар "Көз тимесін" деп, қырқынан шыққан баланы үш кемпірдің бұтының астынан өткізетін болған. Ақтөбеле тұратын туған бөлем сол дәстүрді сақтап, жалғастырып, өз немересіне ырым қылып жасады", - деп жазды Эльмира Ешниязова.
Ал желі қолданушылары видеоны көріп, өз ойларын жарыса білдірді. Желідегілердің бірі мұндай салтты ешқашан көрмегенін айтса, ал екіншілері балаға қатысы бар бұл ырымды білетінін жеткізген.
"Неше түрлі ырым бар екен ғой. Бұттың арасынан өткізгенді бірінші рет көріп тұрмын. Сол бала үшін дұға қылса да болады ғой", "Тыштырма" деген ырымды білемін. Бірақ үш кемпірдің ауынан өткізгенді бірінші рет көріп отырмын"."Бесіктің үстіне шығып жүру былай тұрсын, аяқпен тербеткізбейді ғой", "Бəледен қорғайтын тек қана Алла", "Мынадайды бірінші рет көріп тұрмын. Қазақтар бесікті қасиетті санайды. Оған мінбек түгілі, бос тербетпейді. Бала жатпайтын болса, қастерлеп, төбеге іліп қояды. Мынау тым ерсі","Егер бесіктің ішіндегі ер бала болса, үстіне мінбейді. Ырымды қапталында тұрып жасайды" деп жазды желі қолданушыларының бір тобы.
Ал пікір білдіруші екінші топтың айтуынша, мұнай салт бар және оны ежелден қолданып келе жатыр.
"Кенен Әзірбаев атамыз балалары шетінеп кете берген соң, қызына осындай ырым жасап, төрт кемпірдің астынан өткізген. Сосын қызының есімін "Төрткемпірбіршал" деп қойған. Бір шал дегені өзі. Ол кісінің есімін қысқартып, Төрткен деп атайды. Әжейдің көзі тірі, елордада тұрады", "Баламды бесікке салып, үйді айналып, осылай секіріп жүргенде аузым ашылып қалған"."Атырауда бар осы ырым. Қазақтың салт-дәстүрлері ұмытылмасын", "Иә, осындай ырым бар. Менің ағамның баласы тұрмай, шетінеп кете берді. Сосын қыз туылғанда, перзентханадан әкеле сала, үш үлкен кісінің ауынан өткізді", "Бұл ырымның еш жамандығы жоқ қой", "Ешқандай масқара емес. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі" деп жазды желідегілердің келесі тобы.