» » Қызылордада көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Қызылордада көлік аударылып, бір адам қаза тапты

  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Lada Granta» маркалы автокөлігі аударылып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл келеңсіз жағдай 6 маусым күні орын алған. «Lada Granta» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 
«Аталмыш  жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен  тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
08 маусым 2019 ж. 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930