» » Әрқашан сәнде болатын 5 жазғы киім

Әрқашан сәнде болатын 5 жазғы киім

   Сән әлемінде өзгерістер жылдам орын алып жатыр. Биыл жаңадан сатып алған киіміңіз келесі жылы (немесе басқа мерзімде) сәннен шығып кетеді. Егер әрқашан сәнді әрі стильді көрінгіңіз келсе, жазда сәннен шықпайтын базалық киімдерді ұсынамыз.

Ақ жейде
Әсіресе, «ерлер» үлгісінде тігілген кең ақ жейде әрқашан әдемі көрінеді. Онымен кез келген киімді оңай үйлестіруге болады. Оны классикалық костюм, кюлот, джинс шалбар және белдемшелермен киюге болады. Жазда оны кез келген киімнің сыртынан кию арқылы теріңізді күнге күйіп кетуден қорғауға болады.

Зығырдан тігілген шалбар
2019 жылғы жаз сәнінен зығырдан тігілген киімдер өте жиі кездеседі. Бірақ бұл мата бұрыннан жаз мезгіліне арналған керемет шешім болатын. Себебі ол табиғи және өте жеңіл мата болып табылады. Егер осы уақытқа дейін зығырдан тігілген киім алмаған болсаңыз, осы жазда зығыр шалбар алуды ұсынамыз. Оның ыңғайлылығын сезген соң тастағыңыз келмейтін болады.

Тоқылған сөмке
Сабаннан немесе жіптен өрілген сөмкелер теңіз жағалауымен және ыстық күнмен ұқсастық табады. Мұндай романтикалық аксессуар демалысқа және қызықты оқиғаға бағыт беретіндей көрінеді. Әр қызда тоқылған сөмкенің ең болмағанда біреуі болған артық етпейді.

Мақта сарафан
Жаздың ыстық күндері табиғи маталардан тігілген киімдер құтқарады. Солардың бірі – мақтадан тігілген киімдер. Бір мақта сарафанның өзімен бірнеше сәнді киім үлгілерін құрастыруға болады.

Былғары тәпішке
Әдетте стилистер аяқ киім мен сөмкенің жаңа трендтеріне мән беріп, жаңартып тұруға шақырады. Бірақ бұл жерде де уақытпен тексерілген түрлерін таңдауға болады. Әр әйел жазда міндетті түрде басы ашық және өкшесі жоқ бір ыңғайлы аяқ киім болғанын қалайды. Сондай жағдайға жұмсақ былғарыдан жасалған тәпішке алған жөн. Оның базалық түс, яғни ақ, қара, күміс немесе қоңыр түсті болғаны дұрыс.

11 маусым 2019 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031