Дәрілерді бақылау күшейтіледі

Осы орайда облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Дәрілік заттардың рецептуралық босатылуы» тақырыбында семинар өтті. Мақсат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маңызды мәселелерді, оның ішінде дәріні рецептімен босату сұрақтарын талқылау, фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталған.
Семинарға облыстағы медицина және дәріхана ұйым өкілдері, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының президенті Мария Дурманова, Ресей мен Белоруссия еліндегі фармацевтикалық компания өкілі Оксана Чуркина қатысты.
Дәрілік заттар айналымын реттеудің заманауи әдісі және «ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс тұжырымдамасы туралы ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті М.Дурманова баяндады. Семинар қатысушыларына дәрілік заттар босатылымы және фармацевтикалық саладағы кәсіпорын қызметін реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар шарада дәріханаларды тексеру тәртібі, рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейту, бағаларды реттеу жүйесін енгізу мәселесі талқыланды.