Мән мен мағына
Дүниеге келген әрбір жан бұл жарық дүниеге не үшін жаралдым, не үшін кетемін деген сұрақтарға жауап іздейді. Дүниеге адам болып келу – Жаратушының ең үлкен сыйы.
Осы жарық дүниеде өмір сүріп жатқанымыз ата-анамыздың арқасы, сол үшін ата-анаға қызмет қылу, мейірбан болу – перзенттік парызымыз. Біле-білсеңіз, қырық күн ана жатырында түйір ет болып жатып, сосын тоғыз ай, тоғыз күн, тоғыз сағат, тоғыз минут дегенде дүние есігін ашамыз. Сөйтіп өзімізге берілген өмірді сүріп, дәм-тұзымыз таусылған күні бұл дүниені тәрк етерміз бір күні... Ажал айттып келмейді. Рас бұл дүниеде бай болып, дүниені билеп тұрсақ та, мәңгілік өмірге аттанғанда ешбір дүние-мүлкімізді алып кете алмаймыз. Кедей болсақ та барар жеріміз бірдей. Адам болып келіп, өзімізді жаратқан иемізді – Алланы танымай бұл дүниеден өту өте қорқынышты. Бұл заманда алпыс жастан асқан, ақылгөй дейтін қарттар мен қариялардың қыңыр-қисық істерін көріп, ойланып қалам кейде. Тәңірім бізді жат қылықтан сақтасын, өміріміз нұрлы болсын деп тілеймін.
Арайлым ЕРСІН,
№136 орта мектептің
9 сынып оқушысы