» » "Мен үйдің адамымын": Хамитова жұлдызды өмірін тоқтатпақ

"Мен үйдің адамымын": Хамитова жұлдызды өмірін тоқтатпақ

  Өнерге қайта оралған Хамитова денсаулығына байланысты демалысқа кетпек. Өзін қанатының астына алып, қамқор болған Сиви Махмұдимен өнер иесі ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ғана жұмыс істейді. Әзірге демалыс алып, жаңа күш-қуатпен келемін дейді ол.
"11 жыл өткеннен кейін маған бірден назар ауады деп ойлаған жоқпын. Мен жұрттың адамы емес, үйдің адамымын. Балаларды ойлайсың. Шынын айтайын, қазір денсаулық керек. Бірінші байлық - денсаулық. Көп әншілер жаңа күш-қуатпен келу үшін демалысқа кетеді", - дейді Жанар Хамитова. 
Ал сахнаға оралуына септігін тигізген досы Әбубәкір екеуінің қазіргі қатынасы ойдағыдай. Жалғызсырап жүрген Жанар Хамитова отбасын қатты сағынғанын жеткізді. Сонымен қатар, денсаулығын қалпына келтіру үшін уақыт керек екенін айтты.
"Әбубәкірмен біз күшті қарым қатынастамыз. Телефон шалып, ұят болып қалды дейді. Әбу өзінің жеке әнін жазып, бейнебаян түсірсе. Мен бейнебаянға түсуге ұяламын. Халықтан, Әбубәкірден ұят. Шығармашылық, сахна, өнер жолы қыз балаға өте ауыр. Қазір жалғыз қалғанымды білесіздер. Басы қатты, соңы тәтті болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда денсаулығымды ретке келтіру керек. Жүйкем шынымен тозды", - дейді Жанар Хамитова.

 Stan.kz


24 маусым 2019 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031