» » Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынады - Ұлттық банк

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынады - Ұлттық банк

  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өсімпұл мен айыппұл мөлшерінің ұлғаюы нәтижесінде азаматтар берешегінің басқарылмайтын өсуіне жол бермеу үшін ағымдағы жылдың соңына дейін заңнамалық деңгейде заңдар мен заң аясындағы нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер қабылданады», – деді ол.
Мәселен, Е.Досаевтың айтуынша, мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынды.
«Бұл азаматтарды берешектің үнемі өсіп отырған сомасынан қорғауға мүмкіндік береді. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, қарыз алушыға борыштық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібін қайта қарау, банктердің меншікті капиталына қойылатын қосымша талаптар сияқты бірқатар қосымша реттеу шаралары көзделеді. Бұл кепілсіз тұтынушылық қарыз беруге, әсіресе табысы төмен азаматтарға қарыз беруге азырақ экономикалық ынталандыру болады», – деді Ұлттық банк төрағасы.  
08 шілде 2019 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031