Екіжүзді енесінен қажыған келіншектің ісі елді шулатты

Төрт айлық сәбиі бар әйел екі жылдан бері ата-енесі және қайын әпкесімен бірге тұратынын айтты. Ол енесінің немересіне қарап көмектеспейтінін, тіпті, ештеңеге қарамастан өзін құлдай жұмсайтынын жеткізді.
"Тұрмыс құрғаныма екі жылдай болып қалды. Аллаға шүкір, төрт айлық қызым бар. Ата- енеммен бірге тұрамыз. Күйеуім үш қыздан кейінгі жалғыз бала. Ең үлкен қайын әпкем ажырасқан. Бір ұл, бір қызы бар, бізбен бірге тұрады. Менің мәселем енем мен осы қайын әпкем", - дейді келіншек."Төркінімнен біреу келейін десе, келмесін, хабарласып айт, күте алмаймыз дейді. Өзінің туыстары болса, ештеңеге қарамайды бүкіл тірлікті маған жүктеп қояды да өзі теледидар қарап отырады, қызыма қарап отырса болады ғой.
Әйелдің айтуынша, енесі оған тіл тигізіп, балағат сөздер жаудыртады. Алайда басқалардың көзінше келінін сыйлап, жақсы көретін адамдай жүреді.
"Күйеуімді менен қызғана береді. Төркініме барайын десем жібермейді. Арасы екі-ақ сағаттық жол. Маған ит қатын, жарым, жарты ми деп сөйлейді. Ал күйеуімнің, қайын атамның көзінше маған жаным, жаным қызым деп сөйлеп, өзгеріп шыға келеді. "Апа, неге өйтесіз?" десем, жұрттың көзінше жылап концерт қояды. Не істесем болады?", - деп ағынан жарылды келіншек.