» » Димашпен қосылып қазақша ән салған Джеки Чан жұртты сүйсіндірді (видео)

Димашпен қосылып қазақша ән салған Джеки Чан жұртты сүйсіндірді (видео)

  Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанның фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсетті. Аталған фестиваль кезінде Димашқа ілесіп, қазақ тілінде ән салмақ болған актер жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық Датунде Джеки Чанның экшн-фильмдерге арналған бесінші халықаралық кино апталығы басталды. Аталған шараның ашылу салтанатында қазақстандық әнші The Crown, Screaming және Unforgettable Day атты үш бірдей туындыны орындады. Соңғы әнді Димаш Құдайберген танымал тайваньдық әнші Терри Линмен бірге шырқады.
Шара кезінде Джеки Чан Димашқа ерекше қол соғып, кейін, тіпті, алдына барып басын иеді. Сондай-ақ, ол Димашпен бірге қазақ тілінде ән шырқамақ болады. Актердің бұл әрекеті көпшілікті сүйсіндірді. 
«Отырып алып бақыттан басым айналып жатыр. Ал Димаштың қандай бақытты екенін көз алдыларыңызға елестетіп көріңіздерші. Міне нағыз адамдар. Таза, ашықжарқын, көкейлері қуанышқа толы. Жолдары әрдайым ашық болсын», «Жаным сол, біз жәй қазақ едік, енді міне киелі қазақ болдық сенің арқаңда», «Джеки Чан тағы да шок болып отыр. Міне нағыз таланттар», «Джеки балаша мәз болып отыр ғой» деп жазды желі қолданушылары. 
22 шілде 2019 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031