» » СЕНІҢ ЕҢБЕГІҢ ‒ СЕНІҢ ЕРТЕҢІҢ

СЕНІҢ ЕҢБЕГІҢ ‒ СЕНІҢ ЕРТЕҢІҢ

Жасыл ел ‒ Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты Жолдауы аясында жүзеге асқан кешенді бағдарлама. Алғаш рет 2005 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, еліміздің барлық өңірінде бөлімшелер ашылды. Биыл игі бастама он төрт жыл қатарынан жастармен бірге!
Сол жағалауда ерекше салтанатпен бой көтерген Жастар ресурстық орталығында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының ұйымдастыруымен «Сенің еңбегің ‒ сенің ертеңің» атты облыстық еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Айтулы шарада арнайы еңбек майданына берілген жолдаманы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы жастарға табыстап, еңбек бригадасына сәттілік тіледі.

‒ Құрметті жас достар, біз бұл кездесуді ұзақ күттік. Негізі айтулы шара маусым айында басталу қажет еді, дегенмен «жақсылықтың ерте-кеші жоқ». «Жасыл ел» және «Жас құрылысшылар» жасағы ‒ үш ай жазғы маусым кезінде жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалануын көздейтін жоба. Осы орайда сіздерді еңбек маусымының ашылуымен құттықтаймын!
Жалпы облыс аймағында  күрделі мәселенің бірі  жұмыссыздық және жастардың бос уақытын тиімді пайдалана алмауы болса, «Жасыл ел» бұл олқылықтың орнын толтырып, еңбек бригадасы арқылы туған өлкеміздің көгалдануына орасан зор үлес қосып отыр. Сондай-ақ  «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы  аймағымызда салынып жатқан құрылыс нысандарына қол ұшын бере отырып, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігін иеленеді. Жаңа маусымда бәріңізге сәттілік тілеймін, елдің өсіп-өркендеп, көркейіп-көгалдануына қосар үлестеріңіз көбейсін! ‒ деді Қ. Жанұзақов.
Айта кетейік, облыс бойынша шілде айында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында 520-дан астам жас жұмыс істеді. Оның ішінде Арал ауданы бойынша ‒ 50, Қазалы  ‒ 50, Қармақшы ‒ 57, Жалағаш ‒ 52, Сырдария ‒ 41, Шиелі ‒ 43, Жаңақорған ‒ 53, Қызылорда қаласы бойынша 176 жас қамтылған. Ал жалпы маусым соңына дейін 1035 жасты жұмыспен қамту көзделген. Қазіргі таңда «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында облыс бойынша 50-ден астам жас жұмыс істеуде, жыл соңына дейін белсенді ұйым қатарына 300  жас қосылады.
Тәрбие мен тәртіптің негізі ‒ еңбекте. Туған өлкенің тазалығы мен мөлдір ауасын, тұнық суын  адал еңбекпен сақтауға бекінген жастар бригадасының жаңа маусымда тындырымды тірлігі көп боларына сенім мол.
Гүлдана ЖҰМАДИН
26 шілде 2019 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031