Елдің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Атырау, Қарағанда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерінде бұршақ жаууы мумкін.
Маңғыстау, Актөбе, күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының жекелеген аумағында тұман болжанады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз найзағай кезінде жел 18 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңетен тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.