» » "САҚАЛДЫЛАР" ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САТҚАН

"САҚАЛДЫЛАР" ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САТҚАН

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында заңсыз қару саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескертусіз тексеру жүргізу шарасы кезінде 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактісі тіркелді. Бұл қарулар заңды жолмен тәркіленіп алынды. 2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "қарақшылар қауымдастығының" өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады. Тінту іс-шаралары кезінде фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды. Арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз қару саудасына жол беретін тағы бір арнаның жолы жабылды. Ұсталған адамдардың осыған дейін сатқан қаруларды да тауып, тәркілеу бойынша да іс-шаралар қолға алынды.
29 шілде 2019 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031