ШАҚАЛАҚҚА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
Facebook әлеуметтік желісінде Перизат Болатқызы есімді желі қолданушысы шала туылған шақалаққа көмек керегін жазды. Мезгілінен ерте 600 грамм салмақпен туылған нәресте "Ана мен бала" перенеталдық орталығында 4 ай жатып 1 200 грамм салмақпен үйіне шығарылған. Дәрігерлеге алғыс айтқан желі қолданушысы "шала туылған сәбиге, мемлекет тарапынан көмек беріле ме? Дәрігерлер тарапынан, сәбиге ингалиятор аппаратын алып, үй жағдайында пайдалану жөнінде кеңес берілген. Алайда, отағасының тапқан-таянғаны, үйдегі балаларына және шала туылған баласының сүті мен керек жарағына жұмсалуда", - деп жазды Перизат.
Үйге шығарылған соң шақалақ сырқаттанып қалған. Қазіргі таңда облыстық балалар аурухасында ем алуда. Біз денсаулық сақтау басқармасына хабарластық. Баспасөз маманы Нұржамал Бектайқызы еңбек демалысында екен. "Жазбаны оқыдым. Мамандарға тапсырдым. Ата-анасы баланың ЖСН бойынша емханаға тіркету қажет. Тіркелген соң әлеуметтік жағдайы төмен отбасы болса емхана тарапынан берілетін барлық көмектерді ала алады. Қосымша тамақ анасы өзі емізе алмайтын жағдайда ғана бөлінеді", - деп емхана қызметіне жүгінуге кеңес берді. Барша көмек қолын созамын деген қызылордалықтар ауруханаға анасы Сейтенова Ұлбаланы іздеп барса болады. Гүлбану МАҚАЖАН