» » ЕРМАХАН ИБРАИМОВ НЕШЕ ӘЙЕЛІ БАРЫН АЙТТЫ.

ЕРМАХАН ИБРАИМОВ НЕШЕ ӘЙЕЛІ БАРЫН АЙТТЫ.

Бүгінгі таңда сегіз ұл мен екі қыз тәрбиелеп отырған спортшы Ермахан Ибраимов жанұясы жайлы жан сырымен бөлісті. Боксшы қазіргі уақытта екі жұбайы бар екенін де жасырмай айтып берген деп жазады "Talk Like" бағдарламасына сілтеме  жасаған Nur.kz.
Ермахан Ибраимов.
"Бәрі жақсы біледі. Менің бірінен кейін бірі ержетіп келе жатқан сегіз ұлым бар. Балаларым бір әйелден деп айта алмаймын. Менде екі жұбайым бар. Үлкен жұбайым Бибігүл үлкен ұлыммен бірге Америкада тұрады. Екінші жарым - Айжан Ибраимова. Ол осы Алматы қаласында тұрады. Әр жұбайымда бес-бестен бала бар", - дейді боксшы.
Сондай-ақ Ермахан Ибраимов алдағы уақытта тағы да әйел алу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
"Енді әйелдерім қарсы болмаса, неге алмасқа? Сұлу келіншекті көрсе, жүгіріп барып одан бала тудыру әркімнің қолынан келеді. "Ал сіз жесір әйелді балаларымен бірге қабылдап алуға дайынсыз ба?" деген сауал туады. Бәлкім сондай әйелдер бар шығар. Егер мен соны бауырыма бассам, нағыз сауапты іс сол. Сондықтан мен сондай жолға баруым мүмкін", - деп ағынан жарылды спортшы.
02 тамыз 2019 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031