» » 21 мың жәрдемақы алатындар есеп береді

21 мың жәрдемақы алатындар есеп береді

Көпбалалы аналарға берілетін 21 мың теңге жәрдемақыға қатысты тағы да дау шыққалы отыр. Енді үкімет атаулы әлеуметтік көмекті қайда жұмсағаны туралы есеп талап ете бастаған. Ал оны орындамаған жағдайда, тіпті, жәрдемақыдан қағылулары мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

тапсырмайтын болсаң, екінші төленетін ақшаң тоқтатылады дейді. 
Бұл кеше ғана жәрдемақыны қайда жұмсағаны туралы есеп тапсыру дегенді естіп арызданған кентаулық аналар еді. Осы ақпарат 21 мыңға қолымыз жетті деп қуанып жүрген еліміздің басқа аймақтарындағы отбасыларына жай түскендей әсер етіпті. 
«Оған балаға киім мен тамақ алады. Қайсыбірінің есебін алып жүреді. Бір тиынға зар болып жүргенде тағы есеп беріп отыруы керек. Баласына тамақ ішкізе ме? Киіндіре ме? Мұның не керегі бар?» – дейді көп балалы ана Зиуар Жұманова. 
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болса, атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз деп екіге бөлінеді деп отыр. Төленетін төлемдердің сомасы бірдей, айырмашылығы берілетін мерзімінде ғана. 
«Егер де сіз үш айдың ақшасын біріктіріп, бір реттік көмек алатын болсаңыз, онда сіз өз ісіңізді, қосалқы жеке шаруашылықты дамытуға жұмсауыңыз керек. Баланың киім-кешегіне, тамағына, жағдайын жасап тұруға ай сайын алсын. Ол жаңағы атаулы әлеуметтік көмек алушының өзінің таңдауы», – дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Ғалия Жабағина. 
«Таңдау ешқандай берілген жоқ деп айтып жатырмын ғой. Бізге бланкіні берді. «Мынаған қол қойыңыз, болды» деді», – дейді көп балалы ана.

02 тамыз 2019 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031