» » Индира Расылхан ота алдында оқырмандарынан өзіне дұға жасауын сұрады

Индира Расылхан ота алдында оқырмандарынан өзіне дұға жасауын сұрады

   Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең жүз есе өзіңе қайтарылады!Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Шексіз махаббатымсыздар Қазақ елі", - деді Индира Расылхан.
Мұны көрген желі оқырмандары отаның сәтті өтуін тілеп, көптеген пікірлер қалдырды.
"Алла шипасын берсін", "Тезірек сауығып кетіңіз", "Ота сәтті өтсін", "Ауырмаңыз" деді олар.
07 тамыз 2019 ж. 1 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930