» » Күйеуінен ажырасқан Алтынай Жорабаева қайтадан қыз ұзатып жүр (видео)

Күйеуінен ажырасқан Алтынай Жорабаева қайтадан қыз ұзатып жүр (видео)

  Қыз ұзатудан бас тартқан Алтынай Жорабаева қайтадан тойларға шығып, аруларды ұясынан ұшырып жүр. Отандық танымал әнші өз парақшасында кезекті ұзату тойдан видео жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін Алтынай Жорабаева ажырасып кеткен соң, тұсау кесіп, қыз ұзатудан бас тартқанын айтқан болатын.
Алайда, араға біршама уақыт тастаған әнші тойларға шығып, қайтадан қыз ұзата бастаған. Оған эстрада жұлдызының Instagram парақшасындағы бейнежазба дәлел болмақ.
Онда төрт қызымен күйеуінен ажырасып кеткен әнші қалындықты өз қолымен ұзатып жатқаны көрініс тапты.
Желідегілер шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығына қатысты екі түрлі ой білдірді.
Бірі оны толығымен қолдаса, енді бірі ырым бойынша ажырасқан әйел қыз ұзатпау керектігін айтқан.
09 тамыз 2019 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031