Вайндар байқауы

Вайндар байқауына жалпы облыс бойынша 6 вайнерлер тобы қатысып, 9 вайн ұсынылды.
Вайндар байқауының жеңімпаздары 12-тамыз Халықаралық жастар күні қарсаңында қалалық мәдени-демалыс паркінде өткізілген "Your time" мерекелік кешінде марапатталды.
Вайндар байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының тұрғыны Бекқазы Ерлан Ақылбекұлына, Қасым Сабыржанға, Қармақшы ауданының тұрғыны Бекматов Нұрасылға арнайы алғыс хаттар табысталды.
Ал байқаудың арнайы "Үздік әртістік шеберлік" номинациясымен Байқоңыр қаласының "Бір үйдің балалары" вайнерлер тобы, "Үздік идея" номинациясымен Жалағаш ауданының жастары, Қызылорда қаласының тұрғыны Болат Нұрперзент "Үздік вайн" номинациясымен марапатталды.
Вайндар байқауына "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы және Жалағаш ауданының "Фарида" шаруа қожалығы қолдау көрсетіп, байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар ұсынды