» » Өзара әріптестік мәселелерін талқылады

Өзара әріптестік мәселелерін талқылады

  Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Ресейдің Алматы қаласындағы бас консулы Евгений Бобровпен өзара әріптестік  мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қос тарап өкілдері экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
"Менің өңірге сапарымның мақсаты, ең алдымен, облыстың жаңа әкімімен танысу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды бекіту болды. Біз Қызылорда облысымен түрлі салаларда, оның ішінде халықаралық деңгейде "Байқоңыр" ғарыш айлағында бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейміз. Сонымен қатар, қосымша бірлескен жобалар құру, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме болды", - деп атап өтті Евгений Бобров.
Бас консулдың айтуынша, Қызылорда облысы жақсы әсер қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Евгений Бобров өңірге сәуір айында келген болатын.
"Мен облыстың ақпараттандырудағы жетістіктеріне, әсіресе өңірлік ахуалдық орталыққа таң қалдым. 500-ге жуық қызылордалық түлек Ресей Федерациясының ең үздік ЖОО-да білім алуда. Жалпы біздің әңгіме достық сипатта өтті", - деді Евгений Бобров.
14 тамыз 2019 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031