«Салауатты өмір салты - жарқын болашақтың кепілі"
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен қалалық №1,№5,№6 емхана дәрігерлерін қатыстыра отырып "Салауатты өмір салты - жарқын болашақтың кепілі" акциясын ұйымдастырды.
Аталмыш шара қызылордалықтардың тұрақты сауда жасайтын орны "Сыбаға" базарында өтті.Басты мақсат – аурудың бастапқы кезеңін және тәуекел факторларын айқындау үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес скринингтен өту қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығын халықтың назарына жеткізу. Себебі скрининг ауруды ерте анықтап, емдеудің нәтижесін арттырып, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Акция барысында қаладағы емхана дәрігерлері «Денсаулық аллеясын» ұйымдастырды. Онда барлық ниет білдірушілер дәрігер кеңесін алып, қан қысымын, қандағы қант пен холестерин мөлшерін, бойы мен салмағын өлшетуге мкіндіктер алды.Бұдан бөлек, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларын ұстану, дене белсенділігімен белсенді айналысу, жалпы халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.
Бұл шаралар жүрек-қан тамыры ауруларын, қан диабеті, семіздік т.б. инфекциялық емес аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Аталмыш акцияда барлығы 187адам тексеруден өтіп, 35адамда қан қысымы жоғары, 14 адамда холестерин мөлшері, 17 адамда қант мөлшері жоғары екендігі, 38 адамда артық салмақ бар екендігі анықталып, терапевт, кардиолог мамандардың дәрігерлік кеңестері берілді.
Дәл осындай бағыттағы акциялар облысымызда «Өз денсаулығың – өз қолыңда» ұранымен 2019 жылдың 7 айында 104 рет өткізілді. Халықтың санитарлық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын бүгінгідей акциялар жыл көлемінде жалғасатын болады.