» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

   Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақорған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Мақашов Сұлтан Ысқақұлы тағайындалды.
С. Мақашов 1961 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.
1984-1992 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб.
1992-1995 жылдары – №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы.
1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.
2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
28 тамыз 2019 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031