Әрбір жолдау – тарихи құжат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы болды. Әрбір Жолдау – тарихи құжат. Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарих арқылы білеміз.
Мемлекет басшысы: «Еліміздегі ұстаздар қауымын нақты қолдау – бұл еліміздің алдағы ондаған жылдағы саналы және білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші.
Мұғалімдер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау, лауазымдық еңбекақысын ұлғайту ғана емес, оқытушы мамандығының абыройын көтеруге,ең алдымен мұғалім біліктілігін жетілдіруге,ынталандыруға,өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгертуге ықпал етеді» деген болатын.
Міне, ұстаз мәртебесінің үстем болуы осы емес пе? Данышпан да,ғалым да,ғарышкер де, көшбасшы да ұстаздан білім алып, тәрбиесімен сусындап өседі. «Ұлт тәрбиесі – ұстаздың қолында» демекші,ұстаздар мәртебесі биік болса, ұлт болашағы да жарқын болары анық.
Жолдауда ана тіліміздің деңгейін көтеру жөнінде: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деп, тіліміздің қарым-қатынас рөлін нығайту жолында атқарылар жұмыстың негізін салып берді. Мемлекет басшысы халықты жауапкершілікке шақырғаны, жаңа бастамамен қуаттандырғаны мемлекетімізді баянды белестерге бастай
ды деп сенемін.
Айнұр Қабылғазиева,
№64 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№64 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі