» » "Адамның тірлігі емес": ортаңғы саусағын көрсетіп, сәлем салған келін желіні шулатты

"Адамның тірлігі емес": ортаңғы саусағын көрсетіп, сәлем салған келін желіні шулатты

    Әлеуметтік желіде ортаңғы саусағын көрсету арқылы сәлем салған қыздың видеосы тарап, көпшіліктің сынына ұшырады. Халат киген бойжеткенді желі қолданушылары "жас келін" деп болжаған.
Видео Instagram желісіндегі insta_azil тобында жарияланды.
Кадрдан камераға түсіріп отырған адамның қызыл халаттағы қыздан сәлем салуын өтінгенін, өз кезегінде "келіннің" еңкейіп ортаңғы саусағын көрсеткенін байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары қазақтың дәстүрін ойыншыққа айналдырғандарды жерден алып, жерге салды.
"Бұл қыз не істегенін біледі ме екен?!", "Дәстүрді қорлауға болмайды", "Ұяты жоқ", "Масқара", "Заман не болып барады", "Адамның тірлігі емес", - деген сынды пікірлер қалдырды.
10 қыркүйек 2019 ж. 1 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031