» » Тұмауға қарсы тегін вакцина қашан салынады?

Тұмауға қарсы тегін вакцина қашан салынады?

 
Ақмола облыстық тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе салына бастайды. Фото: Интернеттен алынды Тұмауға қарсы иммундық шараларды жүргізу үшін облыс аумағында 364 арнайы кабинет дайын. Тегін салу үшін 73 860 вакцина дайын тұр. Жалпы, 9000 екпе сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 7 миллион 830 мың теңге бөлінген. Департаменттің мәліметінше, «Гриппол плюс» вакцинасының құрамында алдағы эпидемия маусымында жұғуы мүмкін А және В типті тұмау вирустарының инактивацияланған антигені бар. Тұмауға қарсы екпе алу үшін әр адам өзі тіркелген медициналық мекемеге жүгінуі керек». Тұмауға қарсы екпені медицина қызметкерлері, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурумен диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер, туғанына 6 айдан асқан жиі ауыратын нәрестелер, жабық мекемелер контингенті ала алады.

28 қыркүйек 2019 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930