» » Әдептен озған кім?

Әдептен озған кім?

    Бұл туралы шешім бүгін ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қабылдады. Кеңесте күн тәртібіне сәйкес бес мәселе қаралды.
   Алдымен Жалағаш ауданы әкімі Қ.Сәрсенбаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар, Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу бағытында істелген жұмыстарға тоқталды. Департамент тарапынан Жалағаш ауданындағы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларының 41 бұзушылығы анықталған. Оның ішінде стандарттарды көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері 21 болған. Мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларын бұзғаны үшін 5 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде аудандық ветеринария бөлімінің 1 қызметкеріне «ескерту», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2 қызметкеріне «ескерту», 2 қызметкеріне «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған.
Екінші болып, Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Қошалақов баяндама жасады. Ол да тоғыз айда Қармақшы ауданы бойынша ешқандай тәртіп бұзу оқиғасы орын алмағанын айтты. Әйтседе кеңес мүшелері жұмысты онтайландыру мақсатында өз ұсыныстарын жеткізді.

   Үшінші кезекте облыс бойынша ішкі аудит департаментінің Тәртіптік комиссия жұмысының қортындысы талқыланды. Мемлекеттік ішкі аудит департаментімен жүргізілген тексеру нәтижелерімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормалары және аудиторлық есепті жүргізу барысында заң бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, 2018 жылы 1 тексеру жүргізілсе, 2019 жылдың 6 айында 4 тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесімен, 2018 жылы қаржылық бұзушылықпен 299,0 мың теңге анықталып, барлығы бюджетке өндірілсе, 2019 жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алу заңнама бойынша барлығы 14047, 0 мың теңгеге бұзушылық анықталып, 4 қызметкер әр түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған.


    Кеңес отырысының соңында Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Рахметоваға қатысты тәртіптік іс қаралды. Facebook әлеуметтік желісінде тәуелсіз журналист С.Әбілдаханқызының парақшасында жарияланған видео көрсетілді. Желіде қызу талқыға түскен оқиғаны кеңес мүшелері де асықпай талдады. Қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Қазбекова тұрып пікір білдірді.
− Оқиға орын алған соң қала әкімдігінде талқылау болып, бөлім басшысына қандай жағдай болмасын өзін ұстауға, эмоцияға берілмеу туралы ескерту берілді. Шынын айтсақ айқай шығару оқиғасы жеті ай бойы жиі орын алған. Аталмыш бөлім атаулы әлеуметтік көмек берілгеннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетуде уақытпен санаспай кезекшілік қойылып тынымсыз еңбек етіп келеді. Ондағы қызметкерлерден жұмыс уақытына байланысты шағым түспеген, мұның барлығы басшының нәтижелі жұмысы деп білеміз. Бұл іспен қала әкімі Н.Нәлібаев хабардар, − деді уәкіл.

     Жиынды қорытындылаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегікеңесінің төрағасы Нұрман Талқанбаев, мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодекісін сақтауға, қызмет барысында ашуға бой алдырмауға шақырды.  
Қызылордада жыл басынан бері 3028 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, ағымдағы жылдың 1 қазанына бұл көрсеткіш 4,7 есеге артып, 14353 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, сәйкесінше, жұмыс ауқымы да артқан. Бөлімге күнделікті 1000-ға жуық аналар барады. Оқиғаны видеоға түсіріп кейін желіге жариялаған аналар ашу үстінде жасаған өз әрекеттері үшін артынша әлеуметтік желі арқылы бөлім басшысынан кешірім сұраған. Әйтседе мемлекеттік қызметші әдептілік танытпағаны үшін талқыға түсті. Ескерту алды.
    «Ашу – садақ, ақыл – таяқ» деген, аналардың ашуы мемлекеттік қызметшіге садақтың оғындай тиді. Екі тарапта ашуға бой алдырмай ақылға келгенде, ешкім таяқ жемес еді. Әдепті болу − әрбір азаматтың борышы.
15 қазан 2019 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031