» » "Ол небәрі 20 жаста, қорқып кеткен": СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

"Ол небәрі 20 жаста, қорқып кеткен": СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

   
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда баланы қағып, қашып кеткен қазақстандық жігіттің аталған мемлекетке өз еркімен қайтып барғанын растады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда Смадияров жас жігіттің әрекетіне қатысты алдын ала тұжырым жасамауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

    Айбек Смадияровтың мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық жігіт Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
«Тергеу амалдары басталды. Бүгін біздің консулымыз тергеушімен және қазақстандық азаматпен кездеседі. Оның барлық құқығы қорғалып, сақталуын қадағалайтын боламыз», - дейід СІМ-нің ресми өкілі.
Сонымен қатар Смадияров қазақстандық жігіттің әрекетіне қатысты алдын ала тұжырым жасамауға шақырды.
«Қорғаушыны Корея тарапы мемлекет есебінен ұсынады немесе ол азамат қалаған жағдайда, біз оның есебінен жақсы қорғаушы тауып береміз. Алдын ала тұжырым жасаудың қажеті жоқ. Бәрі тергеу барысында анықталады. Сот өтеді. Қылмыстық іс қозғалған», - дейді Смадияров. 
Сондай-ақ, ол қазақстандық жігітті қандай жаза күтіп тұрғаны тергеушімен кездесуден кейін белгілі болатынын айтты. Смадияровтың сөзінше, күдікті Оңтүстік Корея аумағында бір жылдан астам уақыт заңсыз жүрген. 
«Ол қылмыс кезінде қорқып, қашып кеткен. Небәрі 20 жаста.  Сондықтан қашқан. Алайда артынша жағдайдың күрделілігін түсініп, Кореяға қайтып барды», - дейді ол.
16 қазан 2019 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031