БЛОГТУР

  Бүгін қазан айының 12 - ші жұлдызында Республикадан келген блогерлерге тарихи жерлер таныстырылды. Оskar Gasta, Асхат Шотаев және Жасулан Жакупов есімді блогерлер қатысты. Бұл блогтур орталық алаңнан бастау алып, Қорқыт ата ескерткіші, мәңгілік алаудағы жәрмеңке, Қызылорда теміржол вокзалы, Батырхан Шүкенов саябағы, Тәуелсіздік көшесіндегі жағалау, Тасбөгет мөлтек ауданы, сол жағалаудағы жастар орталығы, жаңа Болашақ университеті сынды жерлерді араладық Блогтур барысында біздің Асхат мырзадан қоғам тв арнасынан арнайы маман келіп сұхбатта алып кеткен жайы бар.Осы блогтур барысында ең ұнаған жерлеріміздің бірі ол платина болды деп айта аламын. Ол жердегі көрініс мүлде басқа екен, бірақ бір өкініштісі ол жерде фото, видео түсіруге болмайтындығы. Ал Асхат мырзамен Oskar мырзаға ең ұнаған жер ол - жәрмеңке. Блогтур жақсы өтті деп нық сеніммен айта аламын. Осы блоктурға қатысқан жандардың барлығына үлкен рахмет
17 қазан 2019 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031