» » Бала күнгі ғашықтар қартайған шағында отау құрды

Бала күнгі ғашықтар қартайған шағында отау құрды

  АҚШ-та ерекше үйлену той өтті. Махаббат хикаялары мектеп шағында басталып, кейінірек жолдары екіге айырылған Боб Харви мен Аннет Адкинс қартайған кезде ғана отау құрды деп хабарлайды 120.su- ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Махаббат оқиғасы әлем жұртшылығының таңданысын тудырып, көпшіліктің әңгімесіне арқау болды.
Боб Харви 1955 жылы сыныпқа жаңадан келген Аннет Адкинспен танысып, оған ғашық екенін түсінген. Олар үшін ең романтикалық сәт бітіру кешіндегі бал болды. Қариялар сол шақты "ең бақытты кеш" деп әрдайым еске алып отырған. Алайда мектепті бітірген соң, қос ғашықтың жолы тоғыспай, екі бөлек кетіпті.
Олар бір-бірінен байланыс үзіп, отбасылы болған. 2017 жылы Боб мектеп кезіндегі ғашығы Аннетті әлеуметтік желі арқылы тауып алған. 
Әйел адам сол шақта күйеуінен айырылып, жалғыздықтың зардабын тартып жүріпті. 
Ол "бұрынғы жігітімен" қайтадан араласуды жөн деп тапқан.
Бобтың айтуынша, Аннетке қонаққа келген уақытта, оған деген сезімінің өшпегенін аңғарыпты. Қариялар үйлену тойларын 20 ғасырдың 50-ші жылдардағы стильде ұйымдастырған.
Осылайша, олар "ең бақытты кештері" мектеп бітіру кешін еске түсіргісі келді.
24 қазан 2019 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031