"Шын ғашықпын": Мадина Оспанова "ТТТ" есімді сүйіктісі туралы бар шындықты айтты
Төреғали Төреәлінің фильміне түсіп, жұлдызы жанған жас актриса Мадина Оспанова жүрегін жаулай алған сүйіктісі туралы алғаш рет ашық түрде айтып берді. Өнер иесі қазіргі таңда шын ғашық екенін жасырмады деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оспанованың сөзінше, ол осы күнге дейін өзін қазіргі ғашығы іспетті қас-қабағынан-ақ түсініп қоятын адамды кезіктірмеген.
Оспанованың сөзінше, ол осы күнге дейін өзін қазіргі ғашығы іспетті қас-қабағынан-ақ түсініп қоятын адамды кезіктірмеген.
"Мен қазір шын ғашықпын. Ол мені қас-қабағымнан түсінетін жан. Екеуміз бір-бірімізді таптық. Достарымыз арқылы Алматыда кездесіп, таныстық. Бір қуантатыны өнерге қатысы жоқ. Мен өнердегі адамды қаламаймын. Өнердің қыр-сырын, лас нәрселерді білемін. Сол үшін. Маған басқа актрисалар сияқты болып кетесің деп айтқан кездері де болды. Бірақ, мені экраннан көре бастап, оған ұнады.Ол өте жан-жақты жігіт. Өнерді де түсініп тұрады. Мен түсірілімдерден кейін алып кетіп тұратын. Көлігінің нөмірі "ТТТ" өзі де "ТТТ". Сол кезде режиссер ағай менен "Мадина сені Төрештің өзі алып кетіп тұрады ма?" деп сұрақ қойып таңғалдырған. Аты Төреғали емес. Жастымыз. Ол мені келін ретінде ата-анасымен таныстырды" , - деді актриса.Мадинаның айтуынша, ғашықтар бір-бірін ата-аналарымен таныстырып, алдағы уақытта отбасы болуға ниет етуде. Алайда, актриса әлі нақты той күндері белгіленбегенін жеткізді.