Вице-министр Сыр жастарымен кездесті
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин Сырдария өзенінің сол жағалауынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жаңадан құрылысы жүргізілген жастар орталығының жұмысымен танысты. Жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдеріне бағытталған заманауи үлгідегі технологиялармен жабдықталған IT-park, хакспейс, антикафе, интернет-кітапхана, жаттығу залы, коворкинг, фитнес-орталық, жастарға әдістемелік қызмет көрсету және өз-өзіне қызмет көрсету бөлмесінің жұмыс бағдарымен және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы клубының жұмыстары таныстырылды.
Сондай-ақ, Данияр Нұрашұлы орталық жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері, оқушылар мәслихаты депутаттары, РФ-ның жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандары, «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы, «Кітап құрттары» еріктілері мен аймағымыздың белсенді жастарымен кездесті.Басқосуда жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, еріктілерге қолдау көрсету, жан-жақты білім алуға басымдық беру мәселелері көтерілді.
Аймақтағы жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарға оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.